Алматы облысының әкімі коронавирустан емделіп жатыр

Амандық Баталов өзін өзі оқшаулап жатыр.

Өкінішке қарай, ПТР сараптамасының кейінгі нәтижесі адам COVID-19 жұқтырғанын растады. Аурудың ешқандай белгісі байқалған жоқ. Амандық Баталов оқшау жағдайда емделіп, қашықтан жұмыс істейді, — деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де инфекция жұқтырды.