Қостанай облысының әкімінен коронавирус анықталды

Архимед Мұхамбетов жұмысты қашықтан істеуге көшті.

Барлық сақтық шарасын сақтағаныма қарамастан COVID-19-ға жасатқан сараптамам оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты оқшауланамын және жұмысымды қашықтан жалғастырамын, — деп жазды ол.

Қостанай облысының әкімі тұрғындарды барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға үндеді.

Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға, зор жауапкершілікпен қарауға үндеймін. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз, — деп жазды Қостанай облысының әкімі.

View this post on Instagram

Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз! ___________________________ Уважаемые костанайцы! Не смотря на все меры предосторожности, мой тест на COVID-19 показал положительный результат. В связи с этим, я ухожу на самоизоляцию и продолжу работать в дистанционном режиме. Прошу жителей нашей области соблюдать все меры безопасности. В очередной раз призываю земляков со всей серьезностью отнестись к соблюдению ограничительных мер вводимых на территории региона. Желаю всем  крепкого здоровья и благополучия! Берегите себя!

A post shared by Arhımed Mýhambetov (@arkhimed_mukhambetov) on

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин және басқа да саяси қызметкерлер инфекция жұқтырды.