Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінен көмек сұрады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге тест-жүйенің 4 мың жиынтығын бергені үшін алғыс айтты. Владимир Путиннің айтуынша, өндірістің ұлғаюына қарай Ресей гуманитар көмек ретінде мұндай тест-жүйе жиынтықтарын көп бере алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей арқылы келетін және шекаралық аймақтардағы Қазақстан азаматтарының елге қайтуына ықпал етуді де сұрады. Владимир Путин бұл мәселе бойынша да көмектесуге уәде берді.

Ресей Президенті екіжақты сауда-экономика ынтымақтастығын одан әрі арттыру және Еуразия экономикалық одағы аясында өзара іс-қимылдарды нығайту қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Конституция бойынша реформаларын табысты жүзеге асыруымен құттықтап, Ресейдегі жалпыұлттық дауыс берудің нәтижесі оң болатынына сенім білдірді.