Владимир Путин Қазақстан Президентіне ерекше шахмат сыйлады

Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев бір-біріне сыйлық берді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та хабарлады.

Омбыдағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін Мемлекет басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті, — деп жазды Берік Уәли.

Қазақстан Президенті Ресей басшысына ұлы Абайдың 175 жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екі томын сыйлады.

Омбы қаласындағы ынтымақтастық Форумының ресми шараларынан кейін Мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады. ——————————— По завершении официальных мероприятиий Форума межрегионального сотрудничества в Омске главы государств обменялись памятными подарками.Владимир Путин подарил Касым-Жомарту Токаеву эксклюзивный шахматный набор ручной работы, выполненный из мрамора и малахита, украшенный серебром и позолотой.Президент Казахстана вручил своему российскому коллеге юбилейное двухтомное издание романа Мухтара Ауэзова «Путь Абая», выпущенное к 175-летию великого казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева.

Опубликовано Беріком Уәли Пятница, 8 ноября 2019 г.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Омбы әуежайынан шығарып салды.

Еске салайық, 7 қараша күні Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Оның аясында екі елдің Президенттері келіссөз жүргізіп, форум қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжатқа қол қойды.