12 наурызда Қазақстанның көп бөлігінде күн ашық болады

Батыс пен оңтүстіктің кей жерінде ғана жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі, Қостанай облысында кей жерде жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Нұр-Сұлтанда көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.