10 наурыздағы ауа райы: тұман, көктайғақ, күшті жел

Солтүстік пен шығыстың кей жерінде ғана жаңбыр, қар жауады, боран соғады. Сейсенбіде республика өңірлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тұман түседі. Павлодар облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерде тұман түседі, Жамбыл облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.