5 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша бейсенбіде Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, Жамбыл облысында кей жерде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, 15-20 метр/секунд жел соғады, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да