Мамандардың болжамына қарағанда 3 тәулік ішінде жауын-шашын түсіп, температура төмендейді.

Көктем жылы әрі жауын-шашынсыз басталды. Бірақ бұл жыл мезгілінде ауа райы құбылмалы, алдағы тәуліктерде-ақ Қазақстанға ығысатын атмосфера фронттарымен бірге елдің көп бөлігінде жауын-шашын, жаңбыр, жабысқақ қар түсіп, көктайғақ  болады және тұман түседі, — деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.

Өткен демалыс күндері байқалған жоғары температурадан кейін алдағы күндері сынап бағанасы төмендейді және температура нормаға жақын болады.