Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шығыстан басқа өңірлерде күн жауын-шашынды болады

Фото: Volgograd.bezformata.com

Республиканың батысында күндіз жауын-шашын мол түседі, солтүстікте және орталықта аздаған қар жауады, шығыста жауын-шашын болмайды. Бүгін кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста және орталықта жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғады, Батыс Қазақстан облысында боран соғады. Қызылорда, Павлодар облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман түседі, Қарағанды облысында күндіз жаяу бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

https://www.youtube.com/watch?v=s38PsEVva2g

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *