«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
29 маусымда түнде Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 29 маусымда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 29 маусымда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 29 маусымда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 29 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 29 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 29 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе қ.: 29 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 29 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 29 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 29 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 29 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 29 маусымда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 29 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
