Қазақстанның көп бөлігінде боран мен күшті жел соғады

Мамандардың мәліметінше, сәрсенбіде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарында қар жауады, боран соғады, өңірлердің кей жерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерде 30 метрден асады. Нұр-Сұлтанда қар жауады, боран соғады, жел екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте тұман түседі.

Маңғыстау облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Павлодар облысында қар жауады. Шығыс Қазақстан облысында да қар жауады, кей жерде боран соғады, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей жерде секундына 23-28 метрге жетеді.