Желтоқсанның 24-інде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары бүгін елімізде тұман түсетінін, көктайғақ болатынын, боран соғып, жел күшейетінін хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын мен екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында да тұман түседі, Жамбыл облысында көктайғақ болады, Түркістан облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Атырау, Маңғыстау облыстарында жел екпіні секундына 15-23 метрге жетеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Бұған дейін синоптиктер алдағы 3 тәулікте қар жауып, боран соғатынын және ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған еді.

Қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына тыйым салынған республикалық маңызы бар автожолдар туралы ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтынан білуге болады.