23 желтоқсандағы ауа райы: батыстан басқа өңірлерде қар тынбайды

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Атлантика циклоны республиканың көп бөлігінде әлі де ықпалын сақтайды. Сол себепті желтоқсанның 23-інде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді, тек батыс пен оңтүстік-батыста құрғақ ауа массасының көп болуына байланысты жауын-шашын тоқтайды.

Шығыс Қазақстан облысында боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23 метрге жетеді. Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола, Қостанай облыстарында боран соғады, тұман түседі, Ақмола облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болады.