Алдағы 3 тәулікте боран соғып, температура төмендейді

«Қазгидромет» мамандары 24-26 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

22 желтоқсан — күннің қысқы тоқырауы мен астрономиялық қыстың басы. Ал күнтізбе мен метеорология бойынша қыс нағыз күшіне енген кез. Қазақстан арқылы белсенді атмосфера фронттары мен антициклондар бірінен кейін бірі жылжиды. Осыған байланысты республиканың көп облысында алдағы тәуліктерде қар жауады, боран, кей жерде ұйтқыған күшті жел соғады, — деп хабарлады синоптиктер.

Суық фронттың артынан республика аумағына антициклон ығысып, жауын-шашынның біраз уақытқа тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне себеп болады.