12 желтоқсанда елімізде ауа райы қандай болады?

Желтоқсанның 12-сінде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашын болмайды.

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында қар жауады, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында да тұман түседі, жел күшейеді. Түркістан облысында тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр жауады.

Нұр-Сұлтанда және Шымкентте тұманға байланысты ескерту жарияланды.