11 желтоқсандағы ауа райы: тұман мен көктайғақ

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Алматы облысында екпіні секундына 17-22 метрге жететін жел соғады, тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтанда тұманға байланысты ескерту жарияланды.