5 желтоқсанда ел аумағының көп бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

Республиканың оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтанда қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, Ақмола, Ақтөбе облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Павлодар, Қарағанды облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, тұман түседі. Алматы, Жамбыл облыстарында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, тұман түседі. Түркістан облысында да күн тұманды болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Бұған дейін ауа райын болжаушы мамандар 5-7 желтоқсан күндері елімізде жауын-шашын мен тұман түсіп, көктайғақ болатынын, бірақ ауа температурасы жоғарылайтынын хабарлаған еді.