Желтоқсанның 9-ында Қазақстанның оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Антициклон жотасының ықпалынан еліміздің калған аумағында жауын-шашын болмайды.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 метр-секунд жел мен боран соғады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысында да тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында тұман түседі. Маңғыстау облысында көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.
