Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады — сейсенбідегі ауа райы

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда сейсенбіде Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, тұман түседі. Қостанай, Қарағанды облыстарында да жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, Қарағанды облысында көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында күн тұманды болады.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 26-28 қараша күндері жауын-шашын түсетінін, бірақ температура жоғарылайтынын хабарлады.