Демалыс күндеріндегі ауа райы: жауын-шашын, тұман және көктайғақ

«Қазгидромет» синоптиктері 7-9 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасады.

Мамандардардың болжамына қарағанда Қазақстан аумағы арқылы жылжитын суық атмосфера фронттарының әсерінен алдағы 3 күнде еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Содан кейін фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды. Бірақ тұман мен көктайғақ сақталады, — дейді синоптиктер.

Демалыс күндері ауа температурасы біраз төмендейді, бірақ орташа көпжылдық мәннен жоғары болады.