Жұмадағы ауа райы: Қазақстанның көп өңірінде қар жауады

15 қарашада Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей жерінде қар аралас жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және республиканың орталығында қар жауады.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді. Жамбыл облысында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында да тұман түседі, екпіні секундына 17-22 метрге жететін жел соғады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Түркістан, Жамбыл облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.