22 қазанда еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді

Гидрометеорологтар 22 қазан күні ауа райы қандай болатынын хабарлады. Кең алқапты антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Түркістан облысында түнде 1 градус суық болады.