ЖасStar шығармашыл жастар фестиваліне 10 жыл

Халықаралық фестивальді Тұңғыш Президент - Елбасы қоры Алматы әкімінің қолдауымен ұйымдастырды. 

ЖасStar фестивалі, 10 жыл
Фото: Inform.kz

Қазақстанның әр өңірінен келген өнерпаздар әлемдік мюзиклдерді шырқады. Мюзикл-концерт стилінде өткен шарада “Величайший шоумен”, “Красавица и чудовище”, “Ромео и Джульетта“, “Достар серті”, La la land сияқты композициялар орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл композицияларды қою үшін жас өнерпаздар бірнеше ай тыңғылықты дайындалған.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шараның ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бүгін ерекше форматта өткен шоудың көрермені болайын деп тұрмыз. Тұңғыш Президент – Елбасы қорының көмегімен жұлдызы жарқыраған өнерпаздардың керемет өнерін тамашаламақпыз. Қатысушылардың биік белесті бағындыруына тілектеспін, – деді Ержан Бабақұмаров.

Дәстүрлі түрде өтетін фестивальге бұған дейін сценарист, кинорежиссер Егор Кончаловский, музыкант, продюсер Байғали Серкебаев, Париж операсы ұлттық оркестрінің дирижеры Филипп Юи сияқты танымал таланттар келген еді.