Николас Кейдж

Америка актеры, режиссер және продюсер Николас Кейдж 2017 жылы XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің қонағы болды. Сол кезде ол екі рет қазақтың шапанын киді.

Николас Кейдж және Айман Мұсақожаева
Николас Кейдж мен Айман Мұсақожаева. Фото ашық дереккөзден

Николас Кейдж жасыл шапан киіп, Қазақстан халқына өзін жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтты.

Джеки Чан

2017 жылы әнші Димаш Құдайберген мен әлемге әйгілі актер Джеки Чан кездесті. Кездесуде актер Димашқа өзінің күртешесін және ән тыңдайтын құрылғысын сыйлады. Ал Димаш актерға қазақтың шапанын жауып, домбыра сыйлады. Сонымен бірге ол Джеки Чанға Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындап берді.

Джеки Чан және Димаш Құдайберген
Джеки Чан және Димаш Құдайберген. Фото Димаш Құдайбергеннің Instagram-парақшасынан

Криштиану Роналду

2018 жылы Атырау өңірінің бизнесмендері Женевада әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен кездесті. Сол кезде футболшы шапанмен бірге «Алтын адамның» мүсінін, қамшыны және ұлттық ою-өрнекпен безендірілген белбеуді сыйға алды.

Майк Тайсон

Әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы Майк Тайсон 2010 жылы өзінің туған күнін Нұр-Сұлтанда өткізді. Өйткені ол дәл сол күні Astana халықаралық экшн-фильмдер фестиваліне қонақ болды. Фестивальді ұйымдастырушылардың бірі, кинорежиссер Тимур Бекмәмбетов Майк Тайсонға шапан сыйлады.

Майк Тайсон
Майк Тайсон. Фото: Никита Басов

PSY

2015 жылы Оңтүстік Корея әншісі PSY Алматыда концерт берді. Концертте Ресейден келген Дима Билан мен Қазақстан әншісі Бүркіт те ән айтты. Концертте ауыратлет Илья Ильин әншіге шапан жапты. Ол Instagram-парақшасында шапан киген әншімен бірге түскен суретін жария етті.

PSY
PSY және Илья Ильин. Фото ашық дереккөзден

Рой Джонс

2016 жылы боксшы Рой Джонс Қарағандыға екінші рет келді. Сол кездегі Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы Асылбек Дүйсебаев боксшыға шапан кигізді. Серік Сәпиев атындағы бокс орталығының рингінде боксшы өзінің сүйікті композициясын орындап берді.

Рой Джонс
Рой Джонс. Фото: Ekaraganda.kz

Тимати

2015 жылы Ресей әншісі Тимати Instagram-парақшасына шапан мен тақия киіп, домбыра тартып тұрған видеосын жүктеді. Онда рэпер қазақша сөйледі.

Қара жұлдыз үйге қайтып келді, — деді Тимати.

Пан Ги Мун

2015 жылы Нұр-Сұлтанда БҰҰ-ның жаңа кеңсесі ашылды. Бұл салтанатта ұйымның сол кездегі Бас хатшысы Пан Ги Мун қазақтың ұлттық киімін киді.

Пан Ги Мун
Фото: Tengrinews.kz

Лара Фабиан

Бельгиядан шыққан полиглот әнші бірде Алматыдағы «Жайлау» гольф клубында өнер көрсетті.

Лара Фабиан
Лара Фабиан. Фото: Tengrinews.kz

The Black Eyed Peas

Американың хип-хоп тобының әншілері де Алматыда концерт бергенде қазақтың ұлттық киімін киді.

The Black Eyed Peas
Фото: Friend.kz

Сигурни Уивер

Төмендегі сурет — 2011 жылы Америка киноактрисасы Сигурни Уивердің «Еуразия» кинофестиваліне келген кезі.

Фото: Tengrinews.kz

Айта кетейік, бірер күн бұрын Димаш Құдайберген Ресейдің «Первый канал» арнасындағы «Вечерний Ургант» бағдарламасына қонақ болды. Әншімен бірге хабарға композитор, продюсер Игорь Крутой мен мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының чемпионы Аделина Сотникова да қатысты. Димаш Құдайберген бағдарлама жүргізушісі Иван Урганттың иығына шапан жапты.