Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің жоғары орденіне ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттер кеңесінің саммиті отырысында Түркі әлемінің жоғары орденімен марапатталды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

15 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар түркі әлемі елдері интеграция үдерісінің қазіргі жағдайы мен алдағы перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Режеп Ердоған
Нұрсұлтан Назарбаев және Режеп Ердоған. Фото: Elbasy.kz

Сонымен бірге тараптар аймақ қауіпсіздігі және Еуразия құрлығы мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, 2019 жылдың 14 қазан күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті жұмыс сапарымен Бакуға барды. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен және Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.