Жаңбыр және тұман. 16 қазанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, тек батыста және оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерін тұман басады, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей аймағын тұман басады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде қатты жел соғып, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей аймағын түнде және таңертең тұман басады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей өңірін тұман басады.