Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бакуға барды

Нұрсұлтан Назарбаев Бакуға барды. Ол бұл сапарында Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен және Президент Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің VII саммитіне қатысады.

Еске салайық, 2018 жылдың 3 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің VI саммитіне қатысты. Елбасы саммитте түркі халықтарының мәдени мұрасын насихаттау мәселесіне ерекше тоқталған еді. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің басқарушы органдарының қызметін оңтайландырып, тиімділігін арттыру мәселелерін де айтты.