Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл!

Салтанатты шарада Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хаты табыс етілді. Қала әкімі хатта Ілияс Жансүгіровтің ұрпақтарына, туыстарына бақыт пен денсаулық тілеген. Ақынның қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің жарық жұлдызы екені атап көрсетілген.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шарада Айгүл Қосанова мен Рамазан Стамғазиев сияқты өнер жұлдыздары ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.