Еске салайық, 2019 жылдың 24 маусымында Арыста болған жарылыстан қала айтарлықтай зардап шеккен еді. Облыстар мен республиканың маңызы бар қалалары Арысты қалпына келтіруге жұмылдырылып, қала 17 секторға бөлінді. Алматыға №14-ші сектор берілген болатын.
Алматы бюджеті есебінен бұзылу деңгейіне қарай 531 үй күрделі немесе косметикалық жөндеуден өтуге тиіс болған. Оның 503-ін жөндеп, қалған 28 -ін қайта салынып жатыр. Қазір Алматыға тиесілі секторды бес компанияның 300-ден астам құрылысшысы қалпына келтіріп жатыр.
