Алматыға 10 жаңа автобус сатып алынды

Бұл туралы Алматы әкімінің ресми сайты хабарлады. «Алматыэлектротранс» компаниясы Zhongtong маркалы жаңа автобустардың алғашқы легін сатып алды. Мемлекеттік тіркеу мен дайындықтан өткен соң автобустар бақылау режимінде №12-ші бағыт бойынша жолға шығады. Автобуста кондиционер мен видеобақылау жүйесі бар. Көлік сығылған табиғи газбен жүреді.

Көлікке 104 адам сыяды. 22 отыратын орын мен қозғалысы шектеулі адамға арналған үш орын бар. Сыйымдылығы үлкен әрі едендері төмен орналасқан.

«Алматыэлектротранс» компаниясы келесі жолы әуежай мен қаланың ықшамаудандары арасында қатынайтын №92-ші бағыттағы автобустарды жаңартады.