Қала күніне жас суретшілер көрмесі ұйымдастырылды

Шара соңында суретшілерге сертификат беріледі. Алматы Жас суретшілер одағының төрағасы Нұрлан Сатаев мұндай үлкен мерекеге қатысу мәртебе екенін айтты.

Бізді шараға қатысуға Алматының мәдениет басқармасы шақырды. Фестиваль жақсы өтіп жатыр. Мереке бағдарламасы да өте қызық, — деді Нұрлан Сатаев.

Алматы полиграфия колледжінің студенттері Қала күнін тойлау аясында ұйымдастырылған бірнеше шараға қатысып үлгеріпті.

Қолөнершілерге арналған Алма Master жәрмеңкесіне бардық. Биылғы күздің сән тенденциясын Алма Fashion көрмесінен тамашаладық. Алма Drive шарасында спорттық ойындарға қатысып, Алма Auen музыка алаңында биледік. Соңында Алма Bazar жәрмеңкесінен алма сатып алдық. Биыл фестивальге алманың түрлі сортынан 100 мың тонна  алма әкелініпті. Қала күніне осындай шаралардың өтіп жатқанына қуанамыз, — деді колледж студенттері.

Қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы Гүлжахан Оңғарова бейнелеу өнерінің балаларға өте пайдалы екенін айтты.

Тоқумен айналысқан бала мұқият болады. Жұмысты соңына дейін бітіруге шыдам керек, баланың бойында табандылық қалыптасады. Ол өтірік айтпайды, ұрлық жасамайды, өсектен алыс болады. Студенттерімнің дәл осындай екеніне сенімдімін, — деді Гүлжахан Оңғарова.

Фестивальде «Қзақа өнері» қолөнер орталығының жұмыстары қойылды. Онда ағаштан, керамика мен өзге де заттардан қолмен жасалған бұйымдар болды.

ДереккөзLiter.kz