Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жайық өзеніне 1 миллионнан астам бекіре шабағы жіберілді

Фото: gov.kz

Не болды?

Атырау бекіре балық өсіру зауыты Жайық өзеніне 1 миллионнан астам бекіре тұқымдас балық шабағын жіберді. Шара бекіре қорын жасанды жолмен көбейтуге және Қазақстанның Каспий теңізінің биологиялық ресурсын сақтауға бағытталған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Атырау бекіре балық өсіру зауыты табиғи ортадан аналық және аталық балықтарды аулап, олардың санын қалпына келтірумен айналысады.

Мамандардың айтуынша, зауыттағы биотехнология басқа балық өсіру кәсіпорындарындағы әдістерден ерекшеленеді. Соның арқасында табиғи су айдындарына жіберілетін шабақтар қоршаған ортаға тезірек бейімделеді.

Шабақтар табиғи жағдайға барынша жақын тоғанда өседі. Мұндай тәсіл олардың табиғи қорекпен қоректенуіне, қауіп-қатерге бейімделуіне және өздігінен тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар температура мен су режиміндегі өзгеріске төзімді болады.

Бекіре тұқымдас балық қорын толықтыруға бағытталған бастама 2026 жылы да жалғасын тапты. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар және балық шаруашылығы саласының өкілдері қатысып жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Жаңаөзен тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді.

Мақалаға реакция