Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Алматыны ең әдемі қалалардың біріне теңегенін айтып өтті.

Іле Алатауында атын әлем білетін мыңжылыдық тарихы бар алма мен қызғалдақ өседі. Алматының да көпғасырлық тарихы бар. Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Оған қоса ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің, қаржы, туристік және спорт орталығы. Сүйікті Алматымыз — жастықтың, дарындылар мен сұлулықтың, мейірімділіктің қаласы. Бұл — армандар орындалатын қала! Сондықтан Алматының болашағы зор. Алматылықтарға денсаулық пен табыс тілеймін! — деді Бақытжан Сағынтаев.

Алма фест
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Саябақ аумағы бірқатар тақырыптық аймақтарға бөлінген. «Алма Bazar» жәрмеңкесінен барлық сұрыптағы алманы сатып алуға болады. «Алма Master» қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. «Алма Fashion» сән және стиль аймағы мен белсенділерге арналған «Алма Drive» спорт алаңы жұмыс істеп тұр. Ал отбасымен демалушыларға «Алма Отбасы» аймағында шеберлік сыныптар мен ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Барлық қонақ үшін «Алма Auen» музыкалық концерттік бағдарламасы дайындалған.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайын Қала күнін тойлауға Тұңғыш Президент паркіне 300 мыңға жуық адам келеді.