Алматыда Қала күні қалай тойланады?

9 қыркүйекте Алма Quest басталды. Бұл — берілген тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындап, финалға дейін жетуі тиіс командалық спорт ойыны. Қатысушылар қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше тез табуы керек. Ойынның қорытындысы 15 қыркүйекте almаquest.kz уеб-сайтында жарияланады. Жүлде қоры мен сыйлықтар туралы мәліметті де осы сайттан көруге болады.

14 қыркүйекте «Астана» алаңында VI «GAKKU дауысы» қазақстандық эстрада фестивалі өтеді. Хедлайнері «Песни» телешоуының екінші маусымына қатысып танылған әнші Say Mo (Мөлдір Есенбек) болды.

Шараны жыл сайын Gakku телеарнасы ұйымдастырып келе жатыр. Концерт елдің танымал артистері мен әртүрлі музыкалық жанр әншілерін бір сахнаға жинайды. 2018 жылғы фестивальді көруге 200 000-ға жуық көрермен келген.

Almaty Film Festival 14-20 қыркүйек аралығында Республика сарайында өтеді. Ашылу салтанатына әлемге танымал киножұлдыздар қатысады. Үш негізгі алаңда 60-тан астам шара ұйымдастырылады. Соның бірі — Almaty Film District бизнес-форумы. Шара аясында киноиндустрия мэтрлерінің шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен Made in Almaty сценарийлерінің байқауы өтеді.

Chaplin Cinemas кинотеатрларында фестивальдің бәсекеге қабілетті емес және бәсекелес емес бағдарламаларының фильмін көрсетеді. Балалар мен отбасылық киноларға арналған бағдарламаның ашылуына орай Chaplin Cinemas кинотеатрларында жас жұлдыздар қызыл кілеммен жүріп өтеді. Шараны ТМД-дағы Walt Disney компаниясы мен Еуропа балалар киносы қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.

Кинофестиваль аясында бизнес-форум өтеді. Онда отандық кино саласын дамыту, отандық фильмдердің басқа елдерге экспорты, бірлескен өндіріс мәселесі, кинематографияның Алматының туристік әлеуетінің дамуына әсері талқыланады.

Басты мерекелік шара — 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында өтетін Aлма fest алма фестивалі.

Саябақ аумағы алты аймаққа бөлінеді:

— «Қазақ ауылы» этно-паркі;

— Alma kids балаларға арналған ойын-сауық алаңы;

— балмұздақ фестивалі;

— алма стрит-фуды мен барбекю аймағы;

— 55 шаруа қожылығы қатысатын алма жәрмеңкесі;

— Alma activ жастардың белсенді демалыс аумағы.

15 қыркүйекте сағат 16.00-23.00 аралығында Панфилов көшесінде (Метро станциясының алдында) MusicQala концерті өтеді. Концертке жас музыкалық топтар мен жас орындаушылар қатысады.

КСРО мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенованың 90 жасына арналған Х халықаралық вокалистер байқауы өтеді. Байқаудың іріктеу кезеңі Абай атындағы опера және балет театрының кіші залында,  ашылу, жабылу салтанаты мен финал тетардың үлкен сахнасында өтеді.

Байқауға қатысуға республиканың әр аймағынан және Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Башқұртстаннан, Қырымнан, Тәжікстаннан, Қытайдан, Молдовадан, Әзербайжаннан, Италиядан, Болгария мен Монғолиядан жас опера әншілері келеді.

23-24 қыркүйекте Қала күнін тойлау аясында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияда камералы музыканың «Әуен fest» фестивалі өтеді. Фестивальге Қазақстанның жеті аймағынан келген дарынды музыканттар қатысады.

2-15 қыркүйек аралығында мерекеге орай 45 аншлаг, 10 билборд, бір джамба бірдей стильде безендіріледі. Метро станцияларының мониторларында Қала күніне арналған бейнеролик көрсетіліп жатыр.

Бұған дейін «Көк-Төбе Опера» классикалық музыканың халықаралық фестивалі, «Оркестрлер фестивалі», KITAP FEST фестивалі, «Алматы – іңкәрім менің» музыкалық ретро-фестивалі өтті.