Не болды?
Қазақстан шетелден жаңа піскен және салқындаған қызанақ әкелуге уақытша тыйым салды. Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі қол қойған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Құжат бойынша шектеу 30 маусымға дейін қойылған және тасымалды кез келген транспорт түрімен жасауға болмайды.
Алайда бұл талаптың Еуразия экономика одағына (ЕАЭО) мүше елден жететін өнімге қатысы жоқ. Сонымен қатар қызанақты Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға және ЕАЭО елдері арасында Қазақстан арқылы өткізуге рұқсат берілген.
Түркістан облысының шаруалары арзан импорт қызанақтың көбеюі жергілікті өндірушілердің жағдайын қиындатқанын мәлімдеген. Сарыағаш ауданында шамамен 400 гектар аумақта екі мыңға жуық шаруашылық жылыжай қызанағын өсіреді.
Фермерлердің айтуынша, Қытай мен Түрікменстаннан келетін арзан өнімнің көлемі артқандықтан, нарықтағы баға төмендеп, отандық өнімге сұраныс азайған.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстан Ресейден келген 6 тонна қиярды кері қайтарды.
