Жел, найзағай, тұман. 13 қыркүйектегі ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймағын тұман басады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей аймағын тұман басады. Түнде және таңертең жел желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады. Түркістан облысының кей жерінде де жел секундына 15-20 метрге дейін соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман басуы мүмкін.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл облыстарының кей аймағында, Карағанды облысында, Ақтөбе,  Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында өрт қаупі сақталады.