«Көрікті мекен» сапары Жамбыл облысында жалғасады

Танымдық сапарды Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті ұйымдастырады. Жобаға қатысушылар 3 күн бойы мемлекеттік маңызы бар су нысандарын аралап, жұмысымен танысатын болады. Сапар барысында журналистер мен блогерлер мамандармен сұхбаттасып, өзен-көлдерге саяхаттайды.

БАҚ өкілдері еліміздегі су мәселелерін терең білуі керек. Себебі уақыт өткен сайын бұл саланың маңызы артып келеді. Қай өңірге жолымыз түспесін, елді-мекендер тұтынып отырған ауызсу қайдан келіп жатыр, оның бағасына қатысты қандай мәселе бар, мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты іске асып жатыр, маңызды су нысандарының тарихы мен жай-күйі секілді тақырыптарды қамтып жүрміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті осы мақсатты көздей отырып, әрі қарай аталған бағытта жұмыс істейді, — дейді Су ресурстары комитеті мен «ҚазСуШар» РМК-нің Баспасөз хатшысы Азамат Байғалиұлы.

Танымдық сапарға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-журналистиканың танымал өкілдері шақырылған. Жоба әрі қарай өзге облыстарда жалғасады.

Еске сала кетейік,  бұған дейін «Көрікті мекен» танымдық сапары Алматы облысындағы су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне арналған еді.