Тамыздың алғашқы күні көп өңірде дауыл тұрады

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда бейсенбіде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жауады, Батыс Қазақстан облысында толассыз жаңбыр жауады, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарында 23-25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарында сонымен бірге бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл, Павлодар облыстарында бұршақ жауады, Қарағанды облысында дауыл тұрады, Маңғыстау облысында тұман түседі.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады. Қызылорда облысында температура 42 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда сынап бағанасы 35 градус ыстықты, Алматыда 36 градус, Шымкентте 38 градус ыстықты көрсетеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.