Жұмадағы ауа райы: жаңбыр, бұршақ пен дауыл

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің мәліметінше, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Павлодар облысында тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз найзағай ойнайды, 18 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын салдарынан таулы өңірлерде өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.