Нұр-Сұлтанға 243 тонна ауылшаруашылық өнімі жеткізілді

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, маусым айының 22-23 күндері Нұр-Сұлтанға Түркістан облысы тауарөндірушілері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші 243 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Олардың жалпы құны — 123,5 миллион теңге. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.

Жәрмеңкедегі ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі — 52,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 97,8 тонна, сүт өнімдері – 18,5 тонна, бақша өнімдері– 36 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 14,7 тонна, алма шырыны – 6 тонна, балық – 5 тонна, әсел — 2 тонна және 10,5 тонна өзге де ауыл шаруашылғы өнімдері бар.