Нұр-Сұлтанда Удмуртия кәсіпкерлерімен бизнес-кездесу өтеді

Удмуртия Республикасының басшысы Александр Бречалов пен шағын және орта бизнес өкілдері Нұр-Сұлтанға іс-сапармен келеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Делегация сапары барысында екі ел кәсіпкерлері арасындағы сауда-экономикалық қатынасты нығайту мен дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара өтеді, — дейді ұйымдастырушылар.

15-18 шілде күндері өтетін бизнес кездесудің мақсаты – бірлескен жобаларды іске асыру үшін серіктестерді іріктеу.

16 шілде күні сағат 09:00-18:00 аралығында Мәңгілік Ел даңғылы 29\1, офис B2BKZ B2B мекенжайында байланыстар биржасы өтеді. Барлық сұрақты +7(7172) 98-58-04, +7 777 1762904 нөмірінен  білуге болады.