Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы туған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызмет атқарған.

2012-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. Инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне басшылық жасады.

2016 жылдың қазанынан Инвестициялар және даму министрілігінің инвестиция комитетінің төрағасы, 2017 жылдың қарашасынан Kazakh Invest АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.