Мамандардың мәліметінше, маусымда қызылша да 3,1% қымбаттады. Ал алдыңғы айларда піскен қырыққабат жергілікті өнім пайда болғалы мамырға қарағанда 50,6% арзандады. Қызанақ бағасы бір айда 29,5%, қияр бағасы 28,1% арзандады.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, күзде Қазақстанда алғашқы көтерме-тарату орталықтары жұмыс істей бастайды. Олар жеміс-жидек пен көкөніс бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Кесте

Шілдеге қарай құс фермасы өнімдері де қымбаттап отыр: тауық еті бағасы 0,7%, тауық саны бағасы 2,4% өсті. Ал жұмыртқа 6,3% қымбаттады.

Бір ай ішінде мал еті де қымбаттады. Қойдың сүйекті еті 2,2%, сиыр еті 1,9%, жылқы еті 1,5% қымбаттады, мұздатылған балық бағасы 1,7%, жаңадан ауланған балық 1,3% бағасы өскен.

Кесте

Сүт өнімдері бір айда 1% қымбаттады, ірімшік 0,5%, сүт 1,9% арзандады. Жармадан күріш 4%, тары 3,7%, ұнтақ жарма 2,4% қымбаттады. Жоғары сортты бидай ұны бір айда 1,6%, бірінші сортты ұн 1,2% қымбаттады.

Кесте

Таза ауызсу сусынының бағасы 1,5%, арақ 0,6% өсті.

Кесте

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Anton Fritsler)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!