Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысымен бірге премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады, — деп жазды Берік Уәли.
Мемлекет басшысы 24 маусым күні түске дейін жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын.
Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Бүгін, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қазіргі уақытқа дейін жарылыстың неден болғаны айтылмай отыр.
Оқиғаға байланысты Шымкент төтенше жағдайлар департаментінде “Қауырт желісі” жұмыс істейді. Тәулік бойы:
- 8 7252 44 94 72
- 8 7252 35 33 66
- 8 7253 35 83 02
- 8 7172 53 32 84
- 8 7172 53 32 79 телефон нөмірлеріне хабарласып, ақпарат алуға болады.