Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы тұрғындарымен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Алматыға келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысанды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған, — деп жазды ол.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға да қатысады.