ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысын хабарлады.
Дауыс берудің нәтижесі төмендегідей болды.
Жамбыл Ахметбеков – 167 649 дауыс – 1,82%,
Дания Еспаева – 465 714 дауыс – 5,05%,
Әміржан Қосанов – 1 495 401 дауыс – 16,23%,
Төлеутай Рақымбеков – 280 451 дауыс – 3,04%,
Амангелді Таспихов – 182 898 дауыс – 1,98%,
Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 539 715 дауыс – 70,96%,
Сәді-Бек Түгел – 84 582 дауыс – 0,92%.
12 маусымда Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы баспасөз конференциясы кезінде айтты.
Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың жалпы саны – 11 947 995. Олардың 77,4%-ы дауыс беруге қатысты. Сайлауға қатысу бойынша жоғары белсенділік Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалды.