Әміржан Қосанов президенттікке кандидат болып тіркелді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың мәліметінше, Қазақстанның 14 өңірінен оны президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жиналған, оның 129 582-сі жарамды деп танылды. Әміржан Қосанов — «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылушы.

Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажет барлық құжат Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және олар қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді, — деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.

Әміржан Қосановқа президенттікке кандидат куәлігі берілді.