Амангелді Таспихов президенттікке кандидат ретінде куәлік алды

Амангелді Таспихов Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы оны Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы атынан кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Ведомствоның мәліметінше, Амангелді Таспихов заң талаптарына сай тіркелуге қажет барлық құжатты ұсынған. Оны қолдауға 15 өңірден 122 770 қол жиналған. Орталық сайлау комиссиясы оның 119 577-сін дұрыс деп қабылдады.

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. Президенттікке кандидат Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховқа тиісті куәлік берілсін. Президенттікке кандидат Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың тіркелгені туралы мәліметтер арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына берілсін. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың тіркелгені туралы хабар жариялансын, — делінген Орталық сайлау комиссиясы қабылданған қаулыда.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сәді-Бек Түгел президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелген еді.