Мамандардың мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында жолаушылар әуе тасымалы 2018 жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға қысқарған. Жылдың басынан мамырға дейін 2,2 миллион адам тасымалданыпты. Бірақ әуе тасымалынан түскен табыс 102 миллиард теңгеге, яғни бір жылда 17,8%-ға артқан.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау көлемі, керісінше, бір жыл ішінде 14,3%-ға артып, 8 мың тоннаға жетті. Жүк тасымалынан түскен табыс 2,6 миллиард теңгеге, яғни бірден 28,3%-ға артқан.

Әуе жолаушылары қатары азайған кезде әуе тасымалынан түскен табыстың артуы еліміз бойынша авиабилеттің қымбаттауына байланысты. Қаңтар-сәуір айларында әуе билеті былтырғы сондай кезеңмен салыстырғанда бірден 17,1%-ға қымбаттаған. Бағаның өсуі Маңғыстау (бірден 44,9%-ға), Жамбыл (37,2%-ға) және Атырау (25,3%-ға) облыстарында тіркеліп отыр. Солтүстік Қазақстан облысында әуе билеті бағасы 7,9%-ға төмендеген. Ақмола және Алматы облыстарында баға өзгеріссіз қалған.

Айта кету керек, 2019 жылдың 1 мамырында Air Astana ұлттық әуетасымалдаушысы Қазақстандағы тұңғыш лоукостер — FlyArystan компаниясын іске қосты. Бюджет компаниясы жылдың соңына дейін 1 миллион жолаушы тасымалдағалы отыр.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Petar Kilibarda)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!