Ілмек: Сыбайлас жемқорлық

Жетісу облысында бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды

Жетісу облысы Сарқан аудандық білім бөлімінің ММ бас бухгалтері сегіз жылға сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлап отыр.

Жетісу облысында департамент басшысы ұсталды

Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде алаяқтар агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар ашып, жалған ақпарат таратып жатқанын ескертті.

Алматыда пара туралы хабарлағандарға 4 млн теңгеден астам сыйақы берілді

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаменті биыл пара туралы хабарлаған алты азаматқа 4 млн 486 мың теңге сомасында сыйақы берілгенін хабарлады.

Алматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рейтиңінде бірінші орынды иеленді

Алматы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс қимыл рейтиңінде бірінші орынды иеленді. 

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы ақпаратты енді eGov.kz порталы мен eGov мобайл қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметі хабарлады.

Ахметжанов Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген проблемалық мәселелермен танысты

2022 жылдың 28 қазанында Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов проблемалық құрылыс объектісіне, атап айтқанда Талдықорғандағы коттедж қалашығына барды.

Антикор: 33 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметкерлерінің жер учаскелерін беру кезінде лауазымдық өкілеттерді теріс пайдалану фактілері бойынша 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастады.

EGov-та жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны жайында мәліметтерді беру мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырылды.